Halyq Uni логотип
×

12 өңірде есірткі зертханасы жойылды – ІІМ

Полицейлер есірткі жеткізумен айналысқан 3 қылмыстық топты ұстаған

 Дәурен Ерболат 15.08.2022 | 11:38
12 өңірде есірткі зертханасы жойылды – ІІМ
Фото: inform.kz

Биыл 12 өңірде 23 есірткі зертханасының көзі жойылды. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 491 есірткі қылмысы анықталған: 874 өткізу дерегі, 227 ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі.

2022 жылғы 7 айда барлығы 4,5 тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден аса гашиш және 87 келі синтетикалық есірткі бар, - деді Данияр Оралов ІІМ-де өткен брифингте.

Бұл ретте полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау мен Павлодар облыстарының аумағында каннабис тобы және синтетикалық есірткілерді жеткізу және сатумен айналысқан 3 ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаған.

«Синтетикалық есірткімен байланысты 890 қылмыс тіркелді: 324 – дерек өткізу, 121 дерек – сақтау. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 23 есірткі зертханасы жойылды», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама