Жеңіл көліктің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған
Темір ауданында көлік апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Апат 14 тамызда сағат 16:55-те Покровка – Жаңажол автожолының 75-шақырымында болған. Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113-тің 26 жастағы жүргізушісі
жолдың қарсы бетіне шығып, КамАЗ көлігіне соғылған. Ауыр жүк көлігін Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғыны жүргізген.
Көлік апаты салдарынан ВАЗ 2113 көлігінің жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.