Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Вирустан 1200-ден аса науқас айықты
Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 930 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 203,
- Алматыда – 103,
- Шымкентте – 9,
- Ақмола облысында – 75,
- Ақтөбе облысында – 25,
- Алматы облысында – 16,
- Жетісу облысында – 9,
- Атырау облысында – 39,
- Шығыс Қазақстан облысында – 2,
- Абай облысында – 5,
- Жамбыл облысында – 20,
- Батыс Қазақстан облысында – 58,
- Қарағанды облысында – 173,
- Ұлытау облысында – 1,
- Қостанай облысында – 44,
- Қызылорда облысында – 23,
- Маңғыстау облысында – 13,
- Павлодар облысында – 60,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 44,
- Түркістан облысында – 8.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 377 898 жетті.
Сондай-ақ 1252 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 553,
- Алматыда – 135,
- Алматы облысында – 9,
- Жетісу облысында – 19,
- Абай облысында – 13,
- Қарағанды облысында – 375,
- Ұлытау облысында – 49,
- Қызылорда облысында – 25,
- Маңғыстау облысында – 47,
- Түркістан облысында – 27.
Елімізде барлығы 1 341 578 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
14 тамыздағы мәлімет бойынша 23 279 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 185 пациент стационарда, 22 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 26 адамның жағдайы ауыр, 9 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңірлер жоқ;
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.