Апаттан зардап шеккен адам жоқ
Ақтау – Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті.
Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта болған.
1995 жылғы «Nissan Maxima» көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.
Апаттан зардап шеккен адам жоқ. Өрт сағат 20.58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар жолдың астында қабірдің бар екенін айтады.