Қазір тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оралда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды ұрып келген, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» басылымы.
Басылым мәліметінше, Оралдағы жекеменшік балабақшалардың бірінің тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды ұрып-соғып, қорқытып келген. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін алдағы уақытта балабақшаларда лицензиялау жүргізілетінін мәлімдеген болатын.