×

Балташ Тұрсымбаев дүниеден озды

Саясаткер, көп жылдан бері қазаққа еңбек сіңірген біртуар тұлға қайтыс болды

 Халық үні 14.08.2022 | 10:28
Фото: ашық дереккөздерден

Қаралы хабарды Facebook әлеуметтік желісінде Балташ Тұрсымбаев ағамыздың жанашыр жандары жазды.

Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев 1946 жылы 24 қазан күні Омбы облысы Кіші Боранкөл ауылында туған.

Ол 1991 жылдың маусымынан 1993 жылдың қаңтарына дейін вице – премьер болды. 1992 жылдың ақпанынан 1993 жылдың қарашасына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды.

Одан кейін Қостанай облысының әкімі болып жұмыс істеді. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның Түркиядағы елшісі болды. Қайтадан вице-премьер лауазымына Үкіметке оралды. 1999 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысты. 2000 жылдардың соңында оппозицияға қосылып, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның саяси кеңесінің мүшесі болды.

Кейінгі жылдары еліміздің қоғамдық-саяси процесіне белсене араласып, оппозициялық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама