Айыпталушы тағылған айыпты толығымен мойындады
Талдықорғанда қаңтар оқиғасына қатысушы үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл туралы Талдықорған қалалық соты мәлімдеді.
«Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен қарақшылық шабуыл, мүлкін жою, мемлекеттік қызметшілерге қарсылық көрсетті, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады», - деп хабарлады қалалық сот.
Қалалық сот айыпталушының тағылған айыпты толығымен мойындағанын атап өтті. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді сұрады.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігінің санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот айыпталушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.