«Көпбалалы отбасымыз». Орал қаласы әкімінің айлығы шайлығына жете ме?
Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша бәрі қымбаттап жатыр дейді
Кеше Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов журналистермен кездесіп, бірнеше сұраққа жауап берді деп хабарлады «Мой ГОРОД» басылымы.
Сол сәтте жергілікті шенеунік азық-түлікке айына қанша теңге жұмсайтынын жасырмады.
Біз – көпбалалы отбасымыз, 6 адам бар. Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша бәрі қымбаттап жатыр. Тұрмыстық химия заттарына қанша кететінін айта алмаймын, ал азық-түлікке шамамен 200 мың теңгедей кетеді, - деді Миржан Сатқанов.
Сондай-ақ ол пандемияға дейін азық-түлікке айына шамамен 100 мың теңгедей кеткенін есіне алды.