×

Қостанайда балаға шапқан аюдың иесі жәбірленушілерге 18,5 миллион теңге төлейді

База иесі кінәсін мойындамай отыр

 Халық үні 13.08.2022 | 16:52
Фото: ашық дереккөздерден

«Костанайские новости» мәліметінше, былтыр 5 қыркүйекте база аймағындағы аю 5 жасар қызға шабуыл жасаған болатын. Ауыр жарақат алған баланың оң аяғын кесіп тастауға тура келді. База иесі 306-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Жәбірленуші тарап моральдық залалды өтемі ретінде 25 миллион теңге сұрады. Бірақ Қостанай аудандық соты жәбірленушілердің арызын ішінара қанағаттандырды. Енді аюдың иесі жәбірленуші тарапқа 18,5 миллион теңге төлеуге міндетті.

Дегенмен сотта Александр Панин кінәсін мойындамады. Ол барлығына баланы қараусыз қалдырған ата-анасы кінәлі дейді.

Бұған дейін ШҚО-да ауылдарға аюлар шабуылдап жатқаны туралы жазған болатынбыз. Ашыққан жыртқыштар ірі қараларды жарып, тіпті тау бөктеріндегі омарталардың да тас-талқанын шығарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама