Өрттен 2 қызы көз жұмған жүкті келіншек қайғыдан ауруханаға түсті

Еркеғали Болатұлы

Оған жүктілікті тоқтату қаупі бар

фото: Ақмола облысының ТЖД

Ақмола облысында ыстан уланған 2 бүлдіршіннің анасы қайғыдан қан жұтып отыр. Полицияның хабарлауынша, ол 24 жаста ғана екен.

Қазір ауруханада жатқан жүкті келіншекке медициналық көмек көрсетілді. Алайда оған жүктілікті тоқтату қаупі бар.

Полицейлер халықтан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Үйді сырттан жауып кетуге болмайды. Ең бастысы, сіріңке сияқты құралдарды баланың қолы жетпейтін жерге қойған дұрыс.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында 3 және 5 жасар қыздар үйде жалғыз қалып, сіріңкемен ойнаған еді. «Ойыннан от шығып», үйдегі жиһаздың өртенуі салдарынан екеуі ауруханада көз жұмды.