ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескерту SMS-тер жіберіп жатыр
SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.
Polisia.kz хабарлауынша, мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.
Kcell қолданушыларына келесідей мәтінмен SMS-тер жіберілді:
Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған