ІІМ қазақстандықтар қандай хабарлама алып жатқанын түсіндірді
ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескерту SMS-тер жіберіп жатыр
SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.
Polisia.kz хабарлауынша, мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.
Kcell қолданушыларына келесідей мәтінмен SMS-тер жіберілді:
- Anydesk және Teamviewer қосымшаларын бөгде адамдардың нұсқауы бойынша орнатпаңыз! Сізге мүлікті кепілге қою әрекеті туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз!
- Сізге несие алуға тырысқаны туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз! Сізден онлайн несие беруді сұрады ма? Телефонды қойыңыз! Бұл алаяқтар!
- Сізден өз деректеріңізді, карта нөмірін, sms-кодтарды атауды сұрады ма? Бұл алаяқтар!
Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған