×

ДСМ халықтың медициналық сауаттылығын зерттеуге 20 миллион теңге жұмсамақ

Зерттеу Қазақстанның бес қаласында жүргізіледі

 Халық үні 13.08.2022 | 11:19
Фото: ашық дереккөздерден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың медицина саласындағы сауаттылығын зерттеуге 20 миллион теңге жұмсауға дайын. Ведомство ел тұрғындарының медицина мәселесінен хабардар болу деңгейін анықтау мақсатында кросс-секциялық зерттеу жүргізуге конкурс жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Telegram-дағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, қызмет көрсетуші әзірлеген сауалнама медициналық тақырыптар бойынша кемінде 30 сұрақты қамтуы тиіс. Сонымен қатар,  HLS-EU-Q стандартты халықаралық сауалнамасына (European Health Literacy Survey Questionnaire) негізделуі тиіс. Онда медициналық қызметтердің қолжетімділігі, емделушінің дәрігер жазып берген нұсқауы мен рецепттерін түсінуі және азаматтың денсаулық сақтау саласымен өзара әрекеттесуінің басқа да нюанстары туралы 47 сұрақ қамтылған.

Зерттеуді бір жыл ішінде Қазақстанның бес қаласында өткізу жоспарлануда:

  •  Нұр-Сұлтан және Шымкент – әрқайсысында 700 респондент;
  •  Алматы – 800;
  •  Өскемен және Ақтөбе – әрқайсысында 400 адам.

Осы үш қаланың кез-келген жасы 18-ден асқан тұрғыны қатыса алады. Сауалнамаға жалпы саны үш мың адам қатысуы тиіс. 

Арнайы дайындалған алты интервьюер медициналық статистика әдістеріне жүгіне отырып, жиналған ақпаратты талдайды. Соның негізінде мектептер мен жоғары оқу орындарында медициналық сауаттылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. 

Тапсырысты орындайтын компания зерттеу есептерін 10 желтоқсанға дейін тапсыруы керек.

Жарияланған конкурсқа әзірге өтініш түспеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама