Halyq Uni логотип
×

Билік әлемдік додаға түскен таэквондошылардың жол шығынын өтемеген

Біз амалсыздан бір айға лицензиясын тоқтаттық дейді Дәурен Абаев

 Еркеғали Болатұлы 13.08.2022 | 11:16
Билік әлемдік додаға түскен таэквондошылардың жол шығынын өтемеген
фото: ашық дереккөз

Голландияда өткен әлемдік додада ел намысын қорғап келген таэквондошылар жол шығынына кеткен қаржыны өз қалталарынан төлеуге мәжбүр болған еді. Кеше Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Ақтөбеде өнер және спорт саласының мамандарымен кездесуінде осы мәселе көтерілді.

Үкімет біздің жолға, форумға қаржылай көмек берсе, балаларды көтереміз. Жол бермей жатыр. Бізді есеп қабылдамай, бір айға жауып тастады, - дейді жаттықтырушы Азамат Шотанов.

Ал Дәурен Абаев олардың аккредитациясын халықаралық федерация тоқтатқанын алға тартты.

Содан кейін біздің олимпиадалық комитет олардың аккредитациясын тоқтатқан. Сосын біз амалсыздан бір айға лицензиясын тоқтаттық, - деді министр.

Осы орайда ол бұл мәселенің анық-қанығын елордаға жеткеннен кейін анықтайтындарын уәде етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама