Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 62 жастағы тұрғын кәріз құдығының қақпағын ұрлаумен айналысқан

Күдікті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған

 Дәурен Ерболат 12.08.2022 | 17:50
Шымкентте 62 жастағы тұрғын кәріз құдығының қақпағын ұрлаумен айналысқан
Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер кәріз құдығының қақпағын ұрлаумен айналысқан 62 жастағы ер адамды ұстады деп хабарлады Polisia.kz.

Қаратау аудандық полиция басқармасына мемлекеттік мекемелердің бірінен хабарлама келіп түскен. Арызданушы белгісіз адамның көшедегі кәріз құдығының 5 қақпағын ұрлағанын айтқан. Қақпақтың жалпы құны – 54 480 теңге.

Полицейлер ұрыны анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Кейін олар 62 жастағы жүргізуші басқарған Opel Astra-ны тоқтатқан. Көліктің жүксалғышын тексеру барысында кәріз құдығының 5 қақпағы табылды. Осылайша, қала тұрғынының ұрлыққа қатысы бары анықталды.

Бүгінде бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша іс тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған ер адамның кәріз құдығының 43 қақпағын ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама