Коронавирусқа қарсы вакцина кішкентай балаларға салынуы мүмкін
Министрлік әлемнің түрлі еліндегі тәжірибені зерттеуде
Қазақстанда 7 жастан бастап балаларға коронавирусқа қарсы екпе салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Динагүл Баешева айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Клиникалық хаттамаларымыз бен басқа да инновацияларымыз әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделгенін білесіздер. Алғашқы ұсыныстар пайда болғаннан кейін бұл мәселені дереу қарастырамыз. Қазіргі таңда біз барлық құжатты зерттеп жатырмыз, - деді Данагүл Баешева ОКҚ-де баспасөз мәслихатында
Бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы вакцина балаларға 12 жастан бастап салынады.
Еске салайық, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға 6 ай сайын вакцина алуға кеңес берген еді.