×

БҚО-да колледжден негізсіз шығарылған экономист қызметіне қайта оралды

Жұмыстан шығару туралы бұйрықта коллеждің таратылатыны көрсетілген, бірақ жабылмаған

 Айнұр Шошаева 04.02.2022 | 12:58
фото: alem-edu.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық аграрлық колледжіндегі лауазымынан заңсыз шығарылған экономист сот шешімімен қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2021 жылдың қазан айында колледж директорының бұйрығымен барлығы 12 адам жұмыстан шығарылған. Оның қатарында коллледжде 1992 жылдан бастап экономист болып жұмыс істеген әйел де бар. 

Директор шығарған бұйрықпен келіспейтінін және оны заңсыз деп есептейтінін айтқан маман «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалына жүгінген. Жұмыстан шығару туралы бұйрықта коллеждің таратылатыны көрсетілген.

Алайда, «Әділдік жолы» бірлестігінің мамандары анықтағандай, колледж жабылмаған, ол жерде тек қысқарту жүргізілген.

Оның өзі негізсіз болғандықтан, колледж басшылығына түсіндірдік. Нәтижесінде татуластық келісімі жасалып, шағымданушы өз қызметіне қайтып оралды. Бір адамның еңбек құқығын қорғап, заңды жұмысына қайтып оралуына жәрдемдестік, - деді бірлестіктің БҚО бойынша филиалының басшысы Бауыржан Ахметжан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама