Қазақстандық клубтар Еурокубокта неше млн доллар тапты?

Дастан Жұмабекұлы

Бұл ақша жыл соңында жарнамалар мен трансляцияның есебінен тағы көбейеді

фото: ашық дереккөзден біріктірілген

«Тобыл», «Астана», «Қайрат» пен «Қызыл-Жар» клубтары 2022/2023 жылғы маусымдағы Еурокубоктағы ойындарын аяқтады.

KazFootball.kz порталының хабарлауынша, «Тобыл» биыл Еурокубок ойындарынан 845 мың доллар табыс тапқан. Қостанайлық команда 285 мың долларды Чемпиорндар лигасының бірінші кезеңіне қатысқаны үшін, тағы 560 мың долларды Конференция лигасының үшінші ірікеу кезеңіне шыққаны үшін алады.

«Қызыл-Жар» командасы 560 мың доллар сыйақыға ие болады. Петропавлдың клубы Конференция лигасының үшінші кезеңінен аса алмады. 

«Астана» мен «Қайрат» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде ойнады. Сол үшін оларға 356 мың доллар беріледі. 

Осылайша командалар биылғы Еурокубок ойындарынан 2 117 000 доллар сыйақы иеленеді. Бұл ақша жыл соңында жарнамалар мен трансляцияның есебінен тағы көбейеді.