Halyq Uni логотип
×

Теміржолдың шенеуніктері рейсті тексермеу үшін ақша талап еткен

Олардың 27 рет «сыйақы» алғаны анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 15:41
Теміржолдың шенеуніктері рейсті тексермеу үшін ақша талап еткен
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Экспресс» филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарының «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан  жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып келгенін анықтады.

Учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Олардың 27 рет ақша алғаны анықталды.

Енді күдіктілер сот шешімі шыққан соң, кінәсі дәлелденсе коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама