«1 қыркүйекте карантин жарияланады». Министрлік түсінік берді
Елімізде бір күнде 1 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр
Әлеуметтік желілерде биыл 1 қыркүйекте Қазақстанда COVID-19 пандемиясының жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады. Алайда мұны ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
Бүгінде коронавируспен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Нұр-Сұлтан қаласы «сары», қалған облыстар «жасыл» аймақта орналасқан. Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкіндік болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ, – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ол қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Айта кетейік, бүгін елорда «жасыл» аймаққа өтті.