×

2 мыңнан аса түлек пен студент университетте тегін оқиды

Оларға ай сайын 40 мың теңге стипендия беріледі

 Дәурен Ерболат 12.08.2022 | 10:53
Фото: otyrar.kz

2 мыңнан аса мектеп түлегі мен студент «Қазақстан халқына» қоры есебінен жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылданған. Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.

Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама