Halyq Uni логотип
×

Талдықорғанда екі оқушы жаппай бүліктен кейін үйқамақта отыр

Жоғары сынып оқушылары сабаққа да бара алмай жүр екен

 Қымбат Елтайқызы 04.02.2022 | 11:56
Талдықорғанда екі оқушы жаппай бүліктен кейін үйқамақта отыр
фото © Самат Құсайынов

Қаңтардың басында болған тәртіпсіздік кезінде ұсталған екі талдықорғандық оқушы үйқамаққа алынды. Олар мектепке де бармайды. Балаларға ұялы телефон мен компьютер пайдалануға тыйым салынған, деп мәлімдеді білім бөлімі.

Үйқамақта 10 және 11 сынып оқушылары отыр.

Олар асинхронды режимде оқып жатыр. Бізде асинхронды оқу форматы бар. Бұл - өз бетімен білім алу. Дегенмен бұл бала өз бетінше ғана оқиды деген сөз емес. Мұғалімдермен кеңесуге болады. Одан кейін бөлімдер, тақырыптар бойынша сынақ тапсырады. Мұғалім оқушының тақырыпты қалай түсінгенін тексереді, кеңес береді, қосымша білім береді. Ата-аналармен байланыстамыз. Біз де балалардың мектеп бітіріп, аттестат алғанын қалаймыз. Десе де, мен олардың әрекеттерін ақтамаймын», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Роза Барманова.

Ата-аналардың айтуынша, оқушылар сол күндері көшеде кездейсоқ болған.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері қаза тауып, жарақаттанды. Ғимараттар мен көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама