Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қостанай облысында банкрот жөніндегі басқарушының бас директордан және коммерциялық ұйымның құрылтайшысынан дебиторлар тізіліміне енгізу үшін 100 млн теңге мөлшерінде ақша бопсалағанын анықтады.
Күдікті ЖШС-ның бас директоры мен құрылтайшысынан алдын ала келісілген соманың 50 млн теңгесін алу кезінде қолға түскен.
Қостанай қаласының тергеу сотының шешімімен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Қазір аталған фактіге қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр.