Halyq Uni логотип
×

Қостанайда банкрот жөніндегі басқарушы 50 млн теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды

Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды

 Халық үні 04.02.2022 | 11:50
Қостанайда банкрот жөніндегі басқарушы 50 млн теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды
көрнекі фото: 5region.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қостанай облысында банкрот жөніндегі басқарушының бас директордан және коммерциялық ұйымның құрылтайшысынан дебиторлар тізіліміне енгізу үшін 100 млн теңге мөлшерінде ақша бопсалағанын анықтады.

Күдікті ЖШС-ның бас директоры мен құрылтайшысынан алдын ала келісілген соманың 50 млн теңгесін алу кезінде қолға түскен.

Қостанай қаласының тергеу сотының шешімімен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Қазір аталған фактіге қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама