Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде мас әйел бес айлық баласын көшеде қалдырып кеткен

Сәби «Үміт» балалар үйіне орналастырылды

 Динара Амантай 11.08.2022 | 17:58
Ақтөбеде мас әйел бес айлық баласын көшеде қалдырып кеткен
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде мас әйел бес айлық баласын көшеде қалдырып кеткен. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық порталы хабарлады.

Бүгін түнгі сағат 01:00 шамасында Ақтөбе қаласы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне бір азаматша бес айлық бала алып келген. Оның айтуынша, бала 8 наурыз көшесіндегі көпқабатты үйлердің қасындағы орындықта жылап отырды. Ал оның анасы мас күйде белгісіз бағытқа кетіп бара жатқан.

Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, педиатрдың қабылдауын алып, сәбиді “Үміт” балалар үйіне орналастырды, – делінген хабарламада.

Бір сағаттай уақыт өткен соң полицияға 25 жастағы анасы телефон шалып, баласының жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тексеріп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.

Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарауға құжаттар жанақтап жібермек.

Комиссияның шешімі бойынша азаматша баласын сәбилер үйінен алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама