Ақтөбеде бес күннен бері қоқыс өртеніп жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Өрт 7 тамыз күні сағат кешкі 18.35-те басталған

фото: ҚазАқпарат

Ақтөбеде 7 тамызда қоқыс полигоны жанып, әлі күнге дейін өртеніп жатыр.

Қазір оны сөндірумен өрт және полигон қызметкерлері айналысып жүр.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, өрт 7 тамыз күні сағат кешкі 18.35-те басталған. Сол кезде қоқыс полигонында өрт шыққаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түсе салысымен, облыстық ТЖД-ден 6 қызметкер мен екі техника оқиға орнына барып, өртті сөндірумен айналысқан. Алғашқы күні мың шаршы метр жер өртініп кеткен.

Қазір қолда бар мәліметке қарағанда, қоқыс полигоны өрттің кесірінен бықсып жатыр. Қоқыста әлі 3 техника мен 14 сөндіруші жұмыс істеп жүр. Ақтөбе қаласы Астана ауданы ТЖБ бастығы Данарбек Иманғазиннің айтуынша, қоқысты ешкім өртеп, жаққан жоқ. Күн ысығанда әйнек күнге шағылысып, от тұтанған болуы мүмкін.