×

Алматыда жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан қылмыстық топ жазаланды

Олар екі жылда заңсыз жолмен 3 млрд теңге тауып үлгерген

 Халық үні 04.02.2022 | 10:30
коллаж: Halyq Uni

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті материалдық сыйақы алу үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды шығарумен айналысқан Қ. Болат, У. Қыстаубаев басқарған 7 адамнан тұратын қылмыстық топқа және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың өздерінің бақылауындағы 4 коммерциялық компания арқылы қызметтер көрсету және тауарларды жөнелту, жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактуралар шығарып, салық төлеуден жалтару, 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 3 млрд теңгені құраған коммерциялық ұйымдарға жұмыстар жасаған, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Айыпталушылардың тұрғылықты жеріне тінту жүргізу барысында мөрлер, банк карталары, компьютерлер, ноутбуктер, бұрын қолма-қол алынған 7 млн теңге ақша, сондай-ақ салмағы 849 гр болатын тыйым салынған марихуана өсіру фактісі анықталды.

Сот үкімімен айыпталушылар қылмыстық кодекстің 216-бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама