Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда 5 мыңнан астам ит ауланған

Көшеде қараусыз жүрген иттердің 65-75 пайызы иесі бар иттер болып табылады

 Динара Амантай 11.08.2022 | 14:35
Маңғыстауда 5 мыңнан астам ит ауланған
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында бес мыңнан астам қаңғыбас үй жануарлары ауланып-жойылған. Бұл туралы өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Бердібек Марқабаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша айналаға қауіп төндірген 5 161 бас қаңғыбас (қараусыз) үй жануарлары ауланып-жойылған, оның ішінде заң күшіне енгеннен бері (02.03.2022ж.-08.08.2022ж. аралығында) 2 027 ауланған.

С. Шапағатов ауылы тұрғындарынан шағым көп түсті. Сондықтан ауыл аумағында жыл басынан бері 160 бас көшеде жүрген қараусыз ит жойылды, оның ішінде соңғы 5 күнде (1-8 тамыз аралығы) арыз-шағым бойынша 78 бас ит ауланған. Жалпы, көшеде қараусыз жүрген иттердің 65-75 пайызы иесі бар иттер болып табылады. Ит иелері байлап ұстамайды, аулаларынан шығарып жібереді. Тағы бір мәселе, көптеген азаматтар асыраған итіне уақытылы тамақ бермей, үйден қуып жіберуі немесе басқа аумаққа апарып тастап кетуі салдарынан көшеде қараусыз иттер пайда болады, – деді Бердібек Марқабаев.

Айта кетсек, 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жаңа Заң талабына байланысты, облыс аумағында жоспарлы ит-мысықтарды жаппай аулау-жою жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. Алайда, өңірде қаңғыбас үй жануарларын ұстайтын жұмыс жасап тұрған мемлекеттік немесе жеке панажайлар жоқ. Қазіргі таңда панажай салу үшін өңірде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, брифингте Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мадина Рахметова құтыру ауруының эпидемиологиялық жағдайы және оның алдын-алу бойынша шараларға тоқталды.

Адамдар арасында құтыру әдетте үй жануарлары арқылы таралады. Әсіресе қаңғыбас иттер мен мысықтар қауіпті. Үй жануарлары жабайы жануарлардан және бір-бірінен жұқтыруы мүмкін. Үй жануарларын, мысық пен иттерді жабайы жануарларды тістегенде ветеринарлық дәрігерге қарату қажет

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында бес мыңнан астам қаңғыбас үй жануарлары ауланып-жойылған. Бұл туралы өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Бердібек Марқабаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша айналаға қауіп төндірген 5 161 бас қаңғыбас (қараусыз) үй жануарлары ауланып-жойылған, оның ішінде заң күшіне енгеннен бері (02.03.2022ж.-08.08.2022ж. аралығында) 2 027 ауланған.

С. Шапағатов ауылы тұрғындарынан шағым көп түсті. Сондықтан ауыл аумағында жыл басынан бері 160 бас көшеде жүрген қараусыз ит жойылды, оның ішінде соңғы 5 күнде (1-8 тамыз аралығы) арыз-шағым бойынша 78 бас ит ауланған. Жалпы, көшеде қараусыз жүрген иттердің 65-75 пайызы иесі бар иттер болып табылады. Ит иелері байлап ұстамайды, аулаларынан шығарып жібереді. Тағы бір мәселе, көптеген азаматтар асыраған итіне уақытылы тамақ бермей, үйден қуып жіберуі немесе басқа аумаққа апарып тастап кетуі салдарынан көшеде қараусыз иттер пайда болады, – деді Бердібек Марқабаев.

Айта кетсек, 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жаңа Заң талабына байланысты, облыс аумағында жоспарлы ит-мысықтарды жаппай аулау-жою жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. Алайда, өңірде қаңғыбас үй жануарларын ұстайтын жұмыс жасап тұрған мемлекеттік немесе жеке панажайлар жоқ. Қазіргі таңда панажай салу үшін өңірде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, брифингте Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мадина Рахметова құтыру ауруының эпидемиологиялық жағдайы және оның алдын-алу бойынша шараларға тоқталды.

«Адамдар арасында құтыру әдетте үй жануарлары арқылы таралады. Әсіресе қаңғыбас иттер мен мысықтар қауіпті. Үй жануарлары жабайы жануарлардан және бір-бірінен жұқтыруы мүмкін. Үй жануарларын, мысық пен иттерді жабайы жануарларды тістегенде ветеринарлық дәрігерге қарату қажет», – деді Мадина Рахметова.

Спикердің мәліметінше, Маңғыстау облысында адамдардың құтыру ауруымен ауырған соңғы жағдайы 2004 жылы Жаңаөзен қаласында тіркелген. Өңірде құтырма ауруының 2021 жылы және 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде құтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы, адамдар арасында құтыру ауруы тіркелмеген. Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты. Алайда, аймақ бойынша иттің тістеп алған жағдайлары бар. Мәселен, 2020 жылы жануарладың тістеуінен зардап шеккендер саны 1210 (649 бала), 2021 жылы 1382 (730 бала), 2022 жылдың жарты жылдығында 781 адам (433 -14 жасқа дейінгі балалар) тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама