×

Жастар грант алғандағы қуанышты сәттерін видеоға түсірді

Биыл конкурсқа қатысуға 80 мыңға жуық өтінім түскен

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 12:10
фото: видеодан кадр

Кеше Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімін жариялағанда мемлекет есебінен тегін оқуға түскен жастар қуанышты сәттерін видеоға түсіріп, желіде таратып жатыр.

Онда грант алып, жүздері бал-бұл жанған жастардың қуанышында шек жоқ екенін көруге болады.

2022 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 80 мыңға жуық өтінім түскен. Құжаттар 13-22 шілде аралығында қабылданды.

Сондай-ақ ауыл балалары мен Қазақстанның азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама