Оған Президент те қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды. Ол XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
Ал 5 ақпанда Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ, – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде.
Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін сағат 17:55-те Хабар, El Аrna, Qazaqstan және Qazsport арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемдік дода 4 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.