Ол 2021 жылдан бері іздеуде болған
Алматыда бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалған ер адамның сүйегі Өскеменнің шетіндегі орман белдеуінен табылды.
Бұл туралы Noks.kz сайтының хабарлады.
LIDER.KZ еріктілер тобының хабарлауынша, Алматыда 2021 жылдың 13 наурызында 1991 жылы туған ер адам жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 6.30 шамасында Райымбек даңғылындағы жұмысынан шыққан. Одан кейін оны ешкім көрмеген. Жақында еріктілер жас жігітті іздеу жұмыстары тоқтағанын хабарлады, – делінген материалда.
Ер адамның денесі Өскемен қаласының іргесіндегі орманнан табылды. 19 шілдеде бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама жүргізілуде.