Қазір проблеманы шешу үшін демеушілер ізделініп жатыр
Футболдан Шымкент қаласының «Ордабасы» клубының қарызы миллиард долларға жетті.
Бұл туралы маусым айында команданың президенті болып тағайындалған Бауыржан Әбдубаитов айтты.
Клубтың қарызы бес миллиард теңгенің шамасында. Мұндай жағдай осыған дейін болмаған шығарды. Барлық қарызды толық жабу мүмкін емес. Қазір біз қарыздарды ақырындап жауып жатырмыз. Алайда мұны тез істей алмаймыз. Барлығы дұрыс болып, қарызды өтейміз деп ойлаймын, – деді Бауыржан Тойшыбекұлы.
Оның айтуынша, қазір қарызды толығымен жабу үшін демеушілер ізделініп, заңгерлермен бірігіп жұмыс істелініп жатыр.