×

«Мен бұған төзе алмаймын»: Аймағамбетов балабақшадағы зорлық-зомбылықты сынады

Министр мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялаудың қажеттілігін түсіндірді

 Динара Амантай 10.08.2022 | 16:44
Асхат Аймағамбетов, фото: видеодан скриншот

Балабақшаларды лицензиялау мәселесінде балалардың мүддесі бірінші орында тұруы керек. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясы-2022 барысында айтты.

Оның айтуынша, министрлікке күн сайын мектепке дейінгі ұйымдардағы келеңсіздіктер туралы хабарлама түсетінін, мамандардың күнде дерлік балабақшаларға баратынын, онда балалар өліп, жарақат алып жатқанын айтты.

Мен министр ретінде бұған төзе алмаймын. Бұл балалардың жауапкершілігі. Бұл бір нәрсеге шағымдана алмайтын қорғансыз балалар. Осы жаста біз оларды жан-жақты қорғап, жағдай жасауымыз керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр балабақшаларды хабарлама бергізу мен мемлекеттік аттестациядан өткізу мәселені шешпейтінін жеткізді.

«Сондықтан, сапаға әсер ететін талаптар туралы айту керек, ақылға қонымды,ларын енгізуіміз қажет. Біз халықаралық талаптарды қоймаймыз, тек ата-аналар балаларын балабақшаға беруден қорықпауы үшін минималды шарттарды енгізсек жетеді», – деп толықтырды Оқу-ағарту министрі.

Бұған қоса Бас ұстаз жертөлелерде орналасқан балабақшалар бар екендігін, онда 50 бала терезесіз жағдайда отыратынын айтты. Алайда мекеме басшылары бұл бұзушылықтарды түзетпестен жабылып қалып, біраз уақыттан кейін басқа атаумен ашылатынын жеткізді. Осыған байланысты бұл бағыттағы жұмысты бірлесе атқарудың маңыздылығына назар аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама