Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдері Абай өлеңдерін жатқа оқыды (ВИДЕО)
Елшілік қызметкерлері ақынның туған күнін ерекше атап өтті
Алматы қаласындағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай күнін ерекше атап өтті, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін, 10 тамыз – Абай күні. 2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» дейтін мерекелік дата болып бекітілген болатын.
Осыған байланысты мегаполистегі АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, қазақ тілінде сөйледі.
Қазақстанға келгелі біз де хәкім Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Сонымен қатар үзінділерін жатқа айтқымыз келеді, – дейді Брайан есімді қызметкер.
Ал оның Джон есімді әріптесі Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңінің бір шумағын гитарамен сүйемелдеп орындады.
Айта кетсек, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі 1992 жылы ашылды. Мұнда Қазақстан Республикасының үкіметімен екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы, соның ішінде сауда, коммерция, демократия, гуманитарлық көмек, қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша бірлесіп жұмыс істейді. Сондай-ақ, АҚШ Елшілігі консулдық бөлімнің АҚШ азаматтарына қызмет көрсету бөлімі арқылы Қазақстандағы АҚШ азаматтарына қызметтер көрсетеді, ал американдық компанияларға Коммерциялық қызмет қолдау көрсетеді.