Қазақстанда 17 жасқа толмаған балаларды ұшақта тегін алып жүру үшін нені білу керек
Балаларға арналған авиабилеттерді субсидиялау операторы - Kazakh Tourism
«Туристік қызмет туралы» заңына сәйкес Қазақстан аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары әзірленіп, бекітілді.
Балаларға арналған жеңілдік осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады.
Мұндай жеңілдік Қазақстан азаматы немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар, азаматтығы жоқ тұлға саналатын 17 жасты қоса алғанға дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыға қолжетімді. Одан бөлек, кәмелетке толмаған жолаушының ата-анасымен немесе жақын туысымен ұшуы кезінде қолданылады.
Ішкі туризм саласындағы туроператорға өткізілген туристік өнімге енгізілген балалар авиабилеттерінің құнын төлеу арқылы жүзеге асырылады, - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің жауабында.
Балаларға арналған авиабилеттерді субсидиялау операторы - Kazakh Tourism АҚ.
Балалардың авиамен тегін ұшуы үшін туристер туристік өнімді сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстанның барлық аумағында жоспарланған демалыс жасауы қажет.
Тегін авиатасымалдау ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Туристік өнімді өткізгеннен кейін, балалар авибилеттеріне жұмсалған соманы қайтару үшін ішкі туризм саласындағы туроператор Kazakh Tourism ҰК АҚ-ға өтініммен және қажетті құжаттармен жүгінеді.
Мәселен, 2 ересек және кәмелет жасына толмаған 2 баладан (10 және 12 жас) тұратын отбасы Маңғыстауда демалыс өткізуді жоспарласа, отбасы ішкі туризм саласындағы туроператордан 500 мың теңге тұратын турөнімді, оның ішінде барлық отбасы мүшелері үшін екі жаққа ұшуды (билет – ред.) сатып алды.
Ішкі туризм саласындағы туроператор балаларға арналған тегін авиатасымалды ұсынады. Барлығы турөнім үшін төленетін сома 400 мың теңгені құрады. (100 мың теңге балалар авиабилеттерінің құнын шегеріледі).