Halyq Uni логотип
×

«1 000 000 теңге ұттыңыз»: Мақтаарал ауданының оннан астам тұрғыны алаяққа алданды

Қылмыскер 4 жылға сотталды

 Динара Амантай 10.08.2022 | 11:39
«1 000 000 теңге ұттыңыз»: Мақтаарал ауданының оннан астам тұрғыны алаяққа алданды
Фото: Halyq Uni

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәбірленушілердің айтуынша, ұялы телефондарына белгісіз ер адам хабарласып, «1 000 000 теңге ұтыс ұттыңыз» деп сенімдеріне кірген. Алаяқ аталған ірі көлемдегі қаражатты алу үшін тұрғындардан 10 000-30 000 теңге көлемінде ақша алған.

Мақтааралдық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Тергеу барысында тұрғындарды алдаған жұмыссыз, жас жігіт екені анықталды. Оның жеке-басы анықталып, ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті инстаграм әлеуметтік желісінен «Komek_Halikka» атты парақша ашып, сол арқылы тұрғындармен WhatsApp желісі арқылы байланысқа шыққан. Одан әрі сенім білдіргендермен тілдесіп, 11 тұрғыннан 250 000 теңгеге жуық ақша алып, бас пайдасына жаратып жіберген.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгінде Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдіктінің кінәсін мойындауы, шығынды өтеуі мен бұрын сотты болмағаны ескеріле отырып, 26 жастағы жұмыссыз жас жігіт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама