×

Еліміз жыл сайын табиғат апатынан 477 млн доллар жоғалтады

Оның 419 млн доллары су тасқынан келетін шығынға тиесілі

 Дәурен Ерболат 10.08.2022 | 10:23
Фото: kazpravda.kz

Қазақстан экономикасы жыл сайын жер сілкінісі және су тасқыны салдарынан қомақты қаражаттан айырылады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Елімізде нөсер мен қардың еруіне байланысты су тасқыны  аса қауіпті болып отыр.

Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының (ОАӨЭЫ) 2022 жылғы есебіне сәйкес, су тасқынынан келетін орташа жылдық шығын – 419 млн доллар, жер сілкісінінен келетін шығын – 58 млн доллар.

Барлық өңірде су тасқыны қаупі сақталады. Солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда шығын көлемі 30 млн доллардан асады.

Ең үлкен орташа жылдық шығын Қызылорда облысында – 60,7 млн доллар. Батыс Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында шығын көлемі – 40 млн доллар.

Қазақстанда су тасқыны салдарынан бір жылда шамамен 390 адам көз жұмады. Сондай-ақ табиғат апатынан зардап шегетіндердің

орташа жылдық саны – шамамен 156 мың адам.

Су тасқынан көз жұмғандардың ең көп орташа жылдық саны Ақмола және Қызылорда облыстарына тиесілі – 22 мыңға жуық және 19,4 мың адам.

Қазақстан жер сілкісінінен жыл сайын 57,6 млн доллар жоғалтады.

Шығынның ең жоғары көрсеткіші Алматы облысына тиесілі: 46,8 млн доллар. Кейін тізімде Түркістан (8,9 млн доллар) және Жамбыл (1,6 млн доллар) облыстары тұр.

ОАӨЭЫ мәліметінше, елімізде жер сілкінісінен жыл сайын орта есеппен 44 мыңға жуық адам зардап шегеді. Ең көп зардап шеккендер саны Алматы облысында – 37,2 мың адам. Кейін тізімде Түркістан және Жамбыл облыстары тұр: 5,6 мың және 1,1 мың адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама