Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Екібастұз қаласында адам өлімімен аяқталған апат болды. Бұл туралы Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 тамыз күні сағат 11:35-те «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінде болды. Марқұм циклдік ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген.
Жөндеу жұмысы кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі электромеханикті № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған, – делінген хабарламада.
1980 жылы туған ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын хабарлады