Halyq Uni логотип
×

Бизнес бастау үшін мемлекеттік грантты кімдер ала алады?

Талапкер business.enbek.kz порталына өтініш бере алады

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 17:20
Бизнес бастау үшін мемлекеттік грантты кімдер ала алады?
фото: ашық дереккөз

Астана әкімдігінде мамандар бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың кімдерге берілетінін айтты.

Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекеновтің айтуынша, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алу үшін қатысушы business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы арқылы өтініш бере алады. Грант ұсынылатын адамнан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқығанын айғақтайтын сертификат, үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын нәтижелері және комиссияның оң шешімінің болуы талап етіледі.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың сомасы биыл 200 АЕК-тен (636 000 теңге) 400 АЕК-ке (1 225 200 теңге) дейін өсті. Бұл қаражатты азаматтар қайтарусыз, өтеусіз негізде алады. Грант бағдарламаға қатысушыларға тек бір рет ғана беріледі», –  деді Бақыт Бекенов.

Жобаға 29 жасқа дейінгі жастар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар, қандастар мен қоныс аударушылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған азаматтар, еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғанына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушылар қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама