Сондай-ақ академиялық артықшылық орталықтарына 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді
Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үш университеттің ғылыми зерттеу мәртебесін алатынын айтты.
Ол Үкімет отырысында ғылыми-зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін университеттерді зерттеуге айналдыру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Астанадағы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Шымкенттегі М. Әуезов атындағы ОҚМУ-не зерттеу университеті мәртебесі берілді. Қазір академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді, – деді ол.
2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.