Студенттердің шәкіртақысы тағы өседі
2021-2022 оқу жылы 623 839 адам 120 ЖОО-да оқыған
Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын 1,5 есеге өсеге көбейту жоспарланып отырғанын айтты.
Қазір бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы – 36 мың теңге, магистранттарда 87 мың, ал докторанттарда 150 мың теңге.
Оның айтуынша, 2021-2022 оқу жылы 623 839 студент 120 жоғары оқу орындарында оқыған. Биыл тұлектердің 68,9 пайызы жұмысқа орналасқан. Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін өскен.