×

Елімізде өзге тілде оқытылатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері жеке сабақ болуы мүмкін

Осы мәселе бойынша кәсіби сарапшылар тобы құрылып, қазір талқылауға дайындалып жатыр

 Халық үні 03.02.2022 | 13:03
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өзге тілде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жеке оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Білуім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсенбаев айтты.

Ғани Бейсенбаевтың айтуынша, Қазақстанда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығы құрылып, қаңтар айынан бастап жұмысына кіріскен. Қауымдастық еліміздің әрбір ауданында, қала мен барлық өңірде жұмыс істейді.

Бүгінгі күні үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіруге қатысты жұмыс тобы құрылып, министрдің бұйрығымен бекітілуге берілді. Өзге тілде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жеке оқыту мәселесін қарастыру үшін кәсіби сарапшылар тобы құрылып, қазір талқылауға дайындалып жатыр - деді Ұлттық білім академиясының президенті.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Қазақстанда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезі өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама