Қорғаныс министрі әскерден шығарылған әйелдің ісін бақылауға алды
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылды
Қорғаныс министрлігі Facebook-тегі Немолчиkz парақшасында жарияланған келісімшарт бойынша қызметші А.Б.Елшібаеваның Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарылғаны туралы жазбаға қатысты, оған батальон командирінің оғаш қылық көрсеткен фактісі бойынша түсініктеме берді.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімдегі тексеріске кірісіп кетті.
Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті қызметтен шығарудан бастап, қылмыстық іс қозғауға дейін жауап беретін болады, – делінген хабарламада.
Тексеру Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды.
Осы мәселе төңірегінде туындаған барлық сұрақтар бойынша тікелей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне төмендегі номерлерге хабарласуға болады:
- +77172721559, +77172721869.