Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Бүгінде 25 мыңнна аса науқас вирустан емделіп жатыр
Елімізде COVID-19 жұқтырғандардан гөрі дерттен айыққандар көбірек, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1128 дерегі тіркелді.
- Нұр-Сұлтанда – 335,
- Алматыда – 200
- Шымкентте – 9,
- Ақмола облысында – 65,
- Ақтөбе облысында – 13,
- Алматы облысында – 17,
- Жетісу облысында – 40,
- Атырау облысында – 7,
- Шығыс Қазақстан облысында – 17,
- Абай облысында – 27,
- Жамбыл облысында – 23,
- Батыс Қазақстан облысында – 34,
- Қарағанды облысында – 197,
- Ұлытау облысында – 17,
- Қостанай облысында – 8,
- Қызылорда облысында – 13,
- Маңғыстау облысында – 8,
- Павлодар облысында – 80,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 11,
- Түркістан облысында – 7.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 369 333-ке жетті.
Сондай-ақ 1691 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 950,
- Алматыда – 147,
- Атырау облысында – 7,
- Шығыс Қазақстан облысында – 25,
- Батыс Қазақстан облысында - 14,
- Қарағанды облысында – 357,
- Ұлытау облысында – 39,
- Қызылорда облысында – 69,
- Маңғыстау облысында – 39,
- Павлодар облысында – 33,
- Түркістан облысында – 11.
Елімізде барлығы 1 329 423 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
9 тамыздағы мәлімет бойынша 26 548 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 456 пациент стационарда, 25 092 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 31 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше 1 373 адамнан коронавирус анықталған еді.