Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында 70 пәтерді тонаған топ белгілі болды
Жалпы Қазақстанда тіркелген қылмыстық істердің тең жартысы ұрлықтың осы түрімен байланысты болып отыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұйымдасқан 2 қылмыстық топтың өкілдері тұтқындалған.
«Мысалы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында 70 пәтерді тонаған топ белгілі болды. Екі әйел мен екі ер-азаматты тінту кезінде олардан 52 дана зергерлік бұйым мен есік-терезені бұзуға арналған құрылғылар анықталды. Олардың пәтер иелеріне келтірген жалпы шығыны – 100 миллион теңге», - делінген хабарламада.