×

Қостанай облысында арамшөпке байланысты карантин енгізілді

Арамшөптің бұл түрі дақылдың сапасы мен жайылым жердің өнімділігін төмендетеді

 Айнұр Шошаева 03.02.2022 | 10:00
коллаж: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрлігі қызғылт укекіре арамшөбінің көбеюіне байланысты Қостанай облысында карантин енгізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысында қызғыл укекіре арамшөп ошағының анықталуына байланысты карантиндік режимнің енгізілгенін мәлімдеді. 

Жыл сайын Қостанай облысының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, елді мекендерді, орман қорын, сондай-ақ босалқы жерлерді тексеру кезінде осы карантиндік өсімдіктің таралу алаңы өзгереді. Арамшөп ошағы анықталған жағдайда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақтар белгіленеді. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар әзірленеді әрі жүзеге асады, - деді ведомство. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірде қызғылт укекіре алқабын екі есе – 2015 жылы 10 204 га дейін, 2021 жылы 5452,3 га дейін қысқартты. 

Қызғылт укекіре – дақылдар өнімділігі мен сапасын, сондай-ақ жайылымдардың өнімділігін төмендететін қауіпті карантиндік арамшөп. Жойылуы қиын саналатын бұл арамшөп Ресей, Украина, Қазақстан, АҚШ және тағы басқа елде карантиндік арамшөптер тізіміне енгізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47