Алматы облысында көлік апатынан 5 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында болған
Алматы облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Апат 6 тамызда кешкі сағат 20:40 шамасында болған. 22 жастағы Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Renault көлігіне соғылған.
Көлік апатынан 5 адам қаза тапты. 3 бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек негізінде Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық сараптама тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.