Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 56 жастағы кісі жасөспірімді соққыға жыққан

Екеуі де полициядан көмек сұраған

 Дәурен Ерболат 08.08.2022 | 09:58
Павлодар облысында 56 жастағы кісі жасөспірімді соққыға жыққан
Фото: Shutterstock

Павлодар облысында 56 жастағы күдікті намысына тиген жасөспірімді ұрып тастаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 29 шілдеде Песчаное ауылында жасөспірім 56 жастағы ағасына әдепсіз сөздер айтып, намысына тиген. Салдарынан ер адам баланы ұрып жіберген. Жасөспірім жарақат алып, дәрігерлерден көмек сұрауға мәжбүр болған. Кейін екеуі де полицияға барған.

Бұл факті негізінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының үстінен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ 56 жастағы ер адамға қатысты да Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама