Жергілікті полиция күдіктілердің фотороботтарын жасады
БҚО полиция департаменті Орал қаласының орталығындағы кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің фотороботын жариялады.
Таратылған хабарламаға сәйкес, Оралда бірнеше мейрамхана мен дәмхананың иесін өлтірген екі күдікті бар.
Өңірдегі ДП-ның барлық күші оларды іздеуге жіберілді. Полицейлер күдіктілердің қайда екенін білетін адамдар нұсқаулықта көрсетілген нөмірге хабарласуын сұрайды.
Жергілікті полицияда күдіктілердің фотороботтары жасалды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүріп жатыр, — деп жазылған мәліметте.
Бұған дейін көшенің қақ ортасында адам өлтіріп кеткені жайлы жазған едік. Ақпаратта марқұмның 48 жастағы кәсіпкер екені айтылады.