Қазақстандықтар ең жас мәжілісмен Мәди Ахметовтің әскерде қызмет етпегеніне наразы
Қазақстандықтар ең жас мәжілісмен Мәди Ахметовтің әскерде қызмет етпегеніне наразылық білдіріп, петиция жариялады.
ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы – қырық бес жас. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылдың 18 қыркүйегінде туған, жасы 26-да, әскерге шақырылу жасы 18-ден 27-ге дейін. Бүгінгі таңда Мәди Ахметов Отан алдында өз борышын өтемеді және әскерде қызмет еткен жоқ,- делінген петицияда.
Сондай-ақ петиция жариялағандар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан ҚР Конституциясының 36-бабына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес Мәди Абылайұлы Ахметовті әскерге шақыруды талап еткен.
Айта кетейік, 2019 жылы Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Көшбасшылыққа 30 жыл» халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылды. Сол жерде Ахметов тұңғыш президентке ескерткіш орнатуды ұсынды.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастар атынан мемлекетіміздің негізін қалаушы ретінде және еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Алматыдағы Назарбаев даңғылында сіздің ескерткішіңізді орнатуға қатысты ұсынысымызды қабылдауыңызды сұрайымыз», - деді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.
Назарбаев ескерткіш қоюға қарсы екенін жеткізді.
2021 жылдың 12 қаңтарында Nur Otan партиясының ресми сайтында билік партиясының атынан мәжіліске өткен 76 адамның тізімі жарияланған болатын. Олардың ішінде 25 жастағы Мәди Ахметов та бар. Содан кейін көпшілік мәжілістің ең жас депутатын сынға алды.